Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айжан Нұрмағамбетова өзіне мүлде қатысы жоқ баланы қалай бауырына басқанын айтты

Айжан Нұрмағамбетова өзіне мүлде қатысы жоқ баланы қалай бауырына басқанын айтты
ашық дереккөз
Аға буынға танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова отбасына қатысты ел естімеген жаңалықтың бетін ашты. Бұл туралы ол Nege.kz басылымына берген сұхбатында айтқан, деп жазады KYN.KZ.  "Иә, Диастан өзге ұлдарым бар. Олар – күйеуімнің бірінші некесінен туған ұлдары. Біз бас қосқанда бірі сегіз, бірі он бір жаста болды. Қолымыздан келгенше Әділ екеуміз оларды оқытып-тоқытып, үйлі-баранды қылып, қатарға қостық. Бірақ олар әжелерінің қолында өсті. Қара кешке дейін қастарынан шықпайтынмын десем, өтірік айтқан болармын. Себебі, үнемі гастрольде жүргендіктен, өз туған ұлыма да қарайласатын уақытым болмады. Оны сіңлім мен әке-шешем бақты", - деді әнші. Сондай-ақ, Нұрмағамбетова бауырына басқан екі ұлдың бірі жұбайының бірінші некесінен туғанын растады. Яғни, бір ұлының әншіге де, күйеуіне де туыстық қатысы жоқ. "Біздің отбасымыздағы үлкендер «баланың бөтені болмайды» деп отыратын. Сондықтан өзгенің баласы деп қарауға тәрбием жібермеді. Көшеде біреудің бүлдіршіні жығылып қалса да, жүрегіміз зырқ ете қалады. Құдайға шүкір, олар да мені анасы ретінде мойындағаннан болар, қайын жұрттарына барғанда құдағи ретінде төрде отырамын. Одан артық қандай бақыт керек?!", - деді әнші.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар