Бас прокуратура Владислав Челахтан жауап алды
Elmedia Telegram арнасының хабарлауынша, 2012 жылғы Арқанкерген оқиғасына басты кінәлі деп танылған Владислав Челахтан Бас прокуратура қайтадан жауап алды, деп жазады KYN.KZ.
Бұл туралы Челахтың анасы Светлана Ващенко мәлімдеген. "Влад бізге әр жұма сайын хабарласады. Мен болмасам, туыстарға телефон соғады. Бірақ осы жұмада қоңырау түспеген соң, аздап уайымдай бастадық. Кеше телефон шалып, аппараттан адам келгенін айтты. Владтың айтуынша, Бас прокуратураның жас қызметкері келіп, екі күн бойы жауап алған. Влад өзі айтқысы келген нәрсенің бәрін жайып салғанын, өзіне белгілі фамилияларды айтқанын іске қатысы бар адамдардың атын білмесе де, кейбіреуінің сырт келбетін сипаттап бергенін жеткізді", - дейді Челахтың анасы. Анасының айтуынша, түрмеде отырған он жыл ішінде Владислав аталған іс туралы мүлде жақ ашпаған.