Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген күдікті ірі шенеуніктің қызы болып шықты

Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген күдікті ірі шенеуніктің қызы болып шықты
ашық дереккөз
Айыпталушы қылмысын толықтай мойындаған
Бүгін Астанада өткен арнайы брифингте Олжас Сүлейменовтің жалғыз немересін қағып кетіп, мерт қылған айыпты Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті басшысының қызы екені анықталды деп  NUR.KZ тілшісіне сілтеме жасай отырып KYN.KZ хабарлайды.   Астана қаласының Ішкі істер департаменті өкілдерінің айтуынша, өңірлік ІІД департаменті басшысының қызы Мұхитова М. есімді азаматша маусымның 22-сі күні кешкі сағат 20:56-да марқұмды қағып кеткен. "Айыпты өзінің кінəсін толықтай мойындады. Ол кейбір БАҚ беттерінде хабарланғандай, оқиға орнынан қашып кетпеген. Жол көлік оқиғасын 1989 жылғы Мұхитова М. есімді азаматша жасады. Ол өзінің Hyundai маркалы көлігімен 1991 жылғы Сүлейменовті қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 345 бабы 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер айыпталушының кінəсі дəлелденсе, ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді ІІД өкілдері. Сондай-ақ, олар айыпталушының ішімдік ішпегенін əрі есірткі заттарын тұтынбағандығын мəлімдеді. "Арнайы тексеріс барысында айыпталушының ішімдік ішпегені, қандай да бір есірткі тектес заттарды тұтынбағаны анықталды. Қазіргі таңда айыптыға қатысты 601 мың теңге көлеміндегі кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолға алынды. Азаматша бұған дейін 6 жыл бойы көлік жүргізген, əкімшілік жауапкершілікке де тартылмаған", - деп сөзін қорытындылады құзырлы орган өкілдері. Айта кетейік, белгілі ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің жалғыз немересі Ескендір Сүлейменов 22 маусымда жол көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды. Кейін марқұмды қағып кеткен көлік жүргізушісі құзырлы органдарда қызмет ететін генералдың қызы екені туралы ақпарат тараған еді. Бүгінде Астана қаласының ІІД аталған жайтты растап, айыпталушы Қызылорда облысы ішкі істер департаменті басшысының қызы Мұхитова М. есімді азаматша екенін растады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар