Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

16.01.2023
0
«Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

Әнші Нұрлан Өнербаев «Хабар» арнасындағы «Әке бақыты» бағдарламасында қонақ болып, әкесінен алған тағылымын, оның өмірлік жолы мен адамгершілігі туралы баяндады, деп жазады KYN.KZ.

«Әкем қайтарда қиналып жатты, сезіп отырдым. «Әке, көңіліңіз нені қалайды?», деп сұрадым. Сонда әкем маған естіртіп: «Қауын, қарбыз жегім кеп жатыр», деді. Артымда отырған інілеріме естіртпей, тек мен ғана еститіндей сыбырлап айтты. Өзінің әлсіздігін көрсеткісі келмесе керек… Бұл қаңтар айы болатын. «Қыста қауын-қарбызды қайдан табамын?», деп едім: «Сарыағаш деген жерде қыста қауын сатады», деді. Таныс жігіттер арқылы бір қарбыз, екі қауын алдырдым. Әкем қарбыз жемеді, тек екі тілім ғана қауын жеді. Сөйтіп, өзінің құмарын басты. Мен қазір әкемнің жасына келдім. Кейде әкем, әжемнен алған үлгі-өнегені балаларым мен немерелеріме қандай деңгейде көрсете алып жүрмін деп ойлаймын. Менің әкемнен алған өнегем көп», — деді әнші.

Сондай-ақ Нұрлан Өнербаев әкесінің барлық баласын кешірімді болуға үйреткенін айтты.

«Өте кең, кешірімді жан болатын. Тіпті, менімен тете өскен інім қаза тапқан соң, оның өліміне кінәлі жанды да кешірді. Соққан көлік иесінің артында кішкентай балалары бар екен. «Кеткен адам кетті, енді кешірім беріңіздер», — деп алдымызға келді. «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген қазақпыз ғой. Әкем кешірім берді. Бізге де соны үйретіп отырды», — деді өнер жұлдызы.

Бөлісу914Твит571
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2692 бөлісу
    Бөлісу 1077 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1410 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 353
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    858 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 215
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.