Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Энергетика министрлігі сүйіскен "шенеуніктер" бойынша түсінік берді

Энергетика министрлігі сүйіскен "шенеуніктер" бойынша түсінік берді
ашық дереккөз
Өткен аптаның соңғы күнінде желі арқылы екі ер адамның сүйіскен видеосы тараған еді. Көпшілік бұл ер адамдардың кімдер екенін болжап та үлгерді. Кейбірі ҚР Энергетика министрлігінде қызмет ететін лауазымды азаматтарың атын атап жатты. Бүгін сол ведомствоның баспасөз қызметі жұртты шулатқан жайтқа қатысты түсініктеме берді. «Таратылған видеодағы адамдар Энергетика министрлігінің қызметкерлері емес. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Мән-жайды анықтау үшін департамент тиісті органдарға хабарласады» деп мәлімдеді ведомство. Еске салсақ, әлеуметтік желіде Қазақстанның елордасы Астананың түнгі клубтарының бірінде екі ер адамның сүйісіп тұрған видеосы тарады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар