Алматыда үш жігіт бірігіп 28 жастағы ер адамды ұрып, тонап, зорлап кетті
Зорланған жігіт: Олар үнемі телефонда бір адамға есеп беріп, жағдай бойынша фото, видео есеп беріп тұрды
28 жастағы Алматы тұрғынын үш жігіт алдын ала ойластырылған айламен қолға түсіріп, әбден қорлаған. Өзін Жандос деп таныстырған жәбірленуші НеМолчи қорының директоры Дина Тәңсәріге жағдайды баяндап берген. Айтуынша жігітті күдіктілердің бірі үйіне шақырған. Ол үйде тағы екі жігіт болған. олар алдымен жандостан 500 мың тауып беруін талап еткен. Қарсылық танытқан кезде аяусыз соққының астына алып, үшеуі кезекпен қорлық көрсеткен. "Олар негізінен "дәстүрлі емес жыныстық қатынастағы адамдарға деген өшпенділігі бар" адамдар болуы мүмкін. Өйткені жігітке сол тұрғыда ақыл-кеңес айтып, жігіттердің, мұсылман жігіттерінің намысын аяқ асты еттің деп айыптаған. Бұл жағдай бірнеше сағатқа созылған. Күдіктілер өздерінің қандай әрекет жасап жатқандарын телефон арқылы өзге адамға үнемі айтып отыраған. Соңында жәбірленушінің қалтасында нақты ақша болмағандықтан банкоматқа алып барып, 100 мың теңге ақша алдырған. Енді ол адамдар банкомат камерасына түсіп қалды деп үміттенеміз. Сол жерден олардың түрі анықталып, табылады деп сенеміз. Ал, Жандос қазір психологтан, дәрігерден көмек алып жатыр",- дейді Дина Тәңсәрі.