"Кіндіктен төмен жақты ойлау керек": Сексолог әйелдердің көзіне неге шөп салатынын айтты
«Егер кішкентай кезде махаббат жетіспесе, қыз да, ұл да тәуелді қарым-қатынаста өмір сүреді. Күйеуі көзіне шөп салған әйелдердің барлығы да өздерінің «идеальный» келін болғанын айтады. Бала таптым, қайын жұртымның жағдайын жасадым, сонда да, күйеуім көңілдес тауып алды дейтіндер көп. Бұл әйелдің өз-өзіне деген махаббатының аздығынан. Өзін жоғалтып алады да, тек басқалардың қалауы мен қажеттілігін өтеу үшін жұмыс істейді. Егер әйел өзін сыйламаса, қарапайым ғана ұйқы үшін өзіне уақыт бөлмесе, өзіне деген қарым-қатынасты басқаға жұмсайды. Содан соң, кіндіктен төменгі жақты әйелдер жағы көп ойламайды. Біздің менталитетімізде астыңғы бұлшықеттерді реттеу деген түсінік аз. Бұл ұят тақырып саналады. Шын мәнінде, әйел адамның төменгі бұлшықеттері оның денсаулығының бір бөлігі. Әйел адамның сексуалдығында, төменгі бұлшықеттерінің серпімділігінде проблемалар туындайды. Содан соң, өзінің қылықтылығына балта шауып, күйеуіне салқын қарай бастайды. Осындай кезде күйеулері көзге шөп сала бастайды», - деді сексолог.