"Талай жігіт өліп кетті": Бағлан Әбдірайымов казино үшін алған қарызынан құтыла алмай жүргенін мойындады
Әнші бар шындығын айтып, ақтарылған
"Бағланмен енді араласпа. Ол өшті, енді адам болмайды" деп еді. Мен "адам болмайды" дегенді жиі естігенмін. Еш көңілім түскен емес. Әйтеуір жақсылық болатынын сезетінмін, сенетінмін. Иә, талай жігіт сынып кетті. Талай жігіт өшіп қалды, талай жігіт өліп кетті. Егер дер кезінде мойындамағанымда, мен де солардың бірі болар едім. "Ауруын жасырған өледі" деуші еді, жасырмадым. Сол ниетіме Жаратқан тура жолды көрсетсе керек. Кітабым жазылды. Міне, фильмі жарыққа шыққалы тұр. Ешкімге ештеңе дәлелдегім келмеді. Жәй, өз мүмкіндігімді көргім келді. Адамның жасағанын адам жасайды екен. "Амалдан ниет жоғары" деген осы шығар. 60 мың теңгемен басталған бизнесім осы еді. Құмар ойыннан қалған қарызым бар, киноға алған қарызым бар - бәрінен құтылсам деген ниет бар. Шынымды айтсам, қарыздан құтылып, ең бай адам болу - арманым. Артылып жатса, "қаладан үй алсам, әкеме жаңа көлік аперсем, өзіме көкпарға ат алсам. Жылы жаққа бала - шағамды алып, демалысқа кетсем" деген ниет бар. Сырымды айтамын деп, шынымды айтып қойдым ғой", - деді Бағлан Әбдірайымов.