"Мойын омыртқасы сынып кеткен": Ақтауда алтыншы қабаттан диван құлап, көшедегі адамды басып қалды (видео)
Ақтауда алтыншы этаждан лақтырып жіберген диван көшеде кетіп бара жатқан ер адамның басына құлады. Қазіргі таңда зардап шеккен адам толығымен мүгедек болып қалды, деп хабарлайды inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ.
Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі ер адамның жағдайы өте ауыр екенін мәлімдеді. Төбесіне диван құлаған адамның қолы мен аяғы мүлде істемей қалған және мойын омыртқасы сынып кеткен. Сондай-ақ жәбірленушінің жұлынына ауыр зақым келген. Дәрігерлердің мәліметінше, 39 жастағы адам толығымен сал болып қалуы мүмкін. Жәбірленушінің ағасы Аманның айтуынша, сол уақыттарда алтыншы қабаттан 12-13 жастағы бала диванды лақтырып жіберген. Көпшілік бұл пәтерде 11 балалы оотбасының тұратынын айтуда. Полицейлер оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр. Айта кетелік, аяқ астынан жазым болған азамат қазір жансақтау бөлімінде.