Басты жаңалықтар

Алматы облысында бір аптаның ішінде екі оқушы өзіне қол салды

Алматы облысында екі жасөспірім өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады KYN.KZ. 

Екі қайғылы жағдай да Қарасай ауданында болған. 6 қаңтар күні 16 жастағы оқушы бала өз үйінде асылып қалды. Ал араға алты күн салып дәрігерлер 2009 жылғы қыз баланың суицид жасағанын мәлімдеді. Екі факті де тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ сот медициналық сараптама тағайындалған.