Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Украинадағы зымыран соққысынан ресейлік молда қайтыс болды

Украинадағы зымыран соққысынан ресейлік молда қайтыс болды
ашық дереккөз
Украинада соғысып жүрген ресейлік имам Ирек Насыров қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ. Ирек Насыров «Нұр» медресесінде діни білім алған. Әскери борышын өтеген соң, өзінің туған ауылында имам болып жұмыс істейді. Ал қыркүйек айында ішінара мобилизация жарияланған соң, Ирек хазірет те Ресей Қарулы күштеріне шақырту алған. Бұл туралы Самара облыстық діни басқармасы мәлімдеп, имамға жаннаттан орын беруді тілеген. Айта кетелік, жаңа жыл түнінде Украинаның Макеевка селосына жайғасқан ресейлік сарбаздарға HIMARS зымыранынан соққы жұмсалды. Ресей тарапы 89 адамның, Украина 600-ге жуық сарбаздың көз жұмғанын мәлімдеп отыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар