Алматыда ер адамды зорлап, ұрып, тонаған үш жігіт ұсталды
Жәбірленуші 15 қаңтарда полицияға арызданған. Айтуынша, бір күн бұрын ол жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне ұшыраған. «Бұл дерек ҚР ҚК-нің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды. Күдіктілер "ізін суытпай" ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандар 2001 және 2003 жылы туғандар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ»,—деп түсіндірді ведомство. Сондай-ақ полиция қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын атап өтті.