Басты жаңалықтар

Қазақ қызын мазақтаған Павел Воляны "Камеди клабтан" қуып жіберді

Ресейлік шоумен, "Камеди клаб" бағдарламасының жүргізушісі Павел Воля қызметінен кетті. Жаңа жылдан бастап шоуды Гарик Харламов пен Андрей Бебуришвили жүргізеді, деп хабарлайды KYN.KZ. 

Павелдің басы дауға қалды. Ол 2022 жылдың соңғы шығарылымдарының бірінде мақтаншақ әйелдер туралы монолог орындап, қазақстандық блогер Балауса Төлегеннің суретін қолданған. Суретті жай қолданып қоймай, орыс тіліндегі былапыт сөзбен тілдеген. Осыған байланысты, блогер Балауса көпшілік алдында суретін рұқсатсыз пайдаланып, мазақ қылғаны үшін Павел Волямен соттасатынын айтты. Ал бүгін ең танымал ресейлік шоуды Павел Воляның жүргізбейтіні белгілі болды. Бұған дейін жазықсыз қыздарды келемеждеп, көпшілік алдында мазаққа қалдыратыны үшін Павел Воля Ксения Собчактан да сөз естіген болатын.