Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Күдікті сотқа онлайн жатып қатысты: Дәрігер Шумковты атып өлтірген Тұрсынбаевқа сот үкім шығарды

Дәрігердің әйелі мен анасы соттан өтемақы ретінде 105 млн өндіріп беруді сұраған еді

17.01.2023
0
Күдікті сотқа онлайн жатып қатысты: Дәрігер Шумковты атып өлтірген Тұрсынбаевқа сот үкім шығарды

Алматылық дәрігерді атып өлтірген азамат 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Қоғамды дүрліктірген іске бүгін нүкте қойылып, күдікті барлық 5 бап бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды KYN.KZ  сайты КТК жаңалықтарына сілтеме жасай отырып.

Күдікті сотқа онлайн жатып қатысты: Дәрігер Шумковты атып өлтірген Тұрсынбаевқа сот үкім шығарды

Осыған дейінгі сот отырысында прокурор 20 жыл сұраған еді. Одан бөлек, марқұм Шумковтың жақындары моральдық және материалдық шығын ретінде 105 млн теңге төлеуін талап еткен. Сот ол өтінішке қатысты қандай шешім қабылдады?

Сотталушы Нұржан Тұрсынбаев соңғы отырысқа онлайн қатысты. Тергеу изоляторынан алдырмады. Судья үкімді оқи бастағанда сөзін бөлді. Дыбысын дұрыстағасын қайта килікпеді. Үкімді үнсіз жатып тыңдады. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «қорқыту», «қаруды заңсыз ұстау» , «заң өкіліне қарсылық көрсету» секілді бес бап бойынша айып тағылды. Сайып келгенде судья 18 жыл жаза тағайындады.

«Жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті Тұрсынбаев Нұржанға 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Тұрсынбаев Нұржан жазасын өтеу Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде тағайындалсын. Жаза өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енгеннен бастап есептелсін»,- деді судбья Еркін Майшынов.

Күдікті сотқа онлайн жатып қатысты: Дәрігер Шумковты атып өлтірген Тұрсынбаевқа сот үкім шығарды

36 жастағы азамат осыған дейін сотталмаған. Былтыр сәуірде өмірін күрт өзгерткен жағдайдан соң  қылмысқа барды. Юрий Шумковты көлік тұрағында өлтірді. Сот барысында оның түні бойы кездейсоқ жалдаған көлікте аңдып жатқаны анықталды.

Ә дегенде дәрігерге атқан бірінші оғы дарымады. Жәбірленуші алған жарақатымен қаша бергенде, басынан дәлдеп тигізіп сұлатты. Қылмыс сәті камераға түскен. Онан соң көшедегі кездейсоқ көлікке мылтығымен кіріп, жүруін талап еткен.

Полиция бір сағатқа жетпей оны ұстады. Ұлының мұндай аяусыз әрекетке баруын анасы шарасыздықпен байланыстырды. Айтуынша іш құрылысын тексеру үшін зонд жұтқызғанда шеміршегін сындырып жіберген. Сол жарақаттан нәр тата алмай қалған жігіттің жағдайы күрт нашарлап, екі айда 95 тен 64 келі салмаққа бір-ақ түскен. Шумков кінәсін мойындамай, маңайлатпағасын, ашынған баласы ақыры осындай қылмысқа жасауға бекінген.

Прокурор Тұрсынбаевқа 20 жыл жаза сұраған. Алайда сотталушының үш жастағы баласы барын ескеріп 18 жыл кесуді жөн көрген. Марқұм Шумковтың анасы мен жесірі материалдық және моральдық шығын ретінде 106 млн теңге төлеуін талап еткен еді. Судья, Тұрсынбаевтың жағдайын ескере отырып, әрқайсына 15 млн теңгеден төлеу жеткілікті деген ұйғарымға келді. Үкіммен екі тараптың бірі келіспесе, 15 күннің ішінде апелляциялық сотқа шағымдана алады.

Бөлісу505Твит316
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.