Меденова: Өзіне жарнама іздегендер мені қазақша білмейді деп масқаралағысы келеді
- автор kyn.kz
- 28 маусым, 2018
- 644
"Құрметті менің оқырмандарым, қазір ғаламтор желілерінде мен туралы теріс пікірлер таралып жатыр екен. "Айдана Медонова қазақша сөйлей алмайды", "Өз ойын қазақша жеткізе алмайды" дегендерге айтарым бар. Мен орыс тілді мектепті бітірсем де, қазақша жақсы сөйлеймін. Қазақы ортада өскенмін. Қазақшы тәрбие көргенмін", - деді әнші.
Айдананың айтуынша белгілі бір телеканал оның сұхбатының кадрдан тыс бөлімін оның рұқсатынсыз желіге жариялаған. "Бәлкім олар осы арқылы өздеріне пиар жинағысы келген шығар. Бірақ менің қазақшама уайымдамай-ақ қойсаңыздар болады", - деп айтты.Ал желі қолданушылары қазақ тілінде еркін сөйлей тұра, жасанды қылық көрсеткен әншінің өзіне шүйлікті.
"Что это, "Что это" деген сұхбатыңызды көрдік қой. Жасанды қылық көп жасайсыз", "Қазақша білсеңіз, қазақ тілінде сөйлесеңізші", "Сіздің сұхбатыңызды көргеннің орнына, Ерке Есмаханның сұхбатын тамашалаған артық".
"Орысша бітірген жалғыз сіз емес", "Халықтың алдында жүргесін сауатты мəдени тілде сөйлеуге тиістісіз", "Жаман пікір айтылса сіздін берген сұхбатыныз халыққа ерсі көрінді", "Кешіріңіз, сіз өз ойынызды орысша да дұрыс жеткізе алмадыңыз" деп оқырмандар Меденованы сөгіп тастады.