"Душқа пальтомен түс": Атышулы Нұрлан имамның күлкілі жауабы хитқа айналды
Әлеуметтік желіде оқырман сұрағына жиі жауап беретін Нұрлан имам тапқырлығымен және өткір әзілімен ерекшеленеді. Осы орайда, KYN.KZ имамның өзіне қойылған орынсыз сұрақтарға ұтымды жауап берген сәтінен шағын топтаманы назарларыңызға ұсынады.
- -Тасбих айналдырып отырғам, үзіліп кетті. Нені білдіреді? -Ештеме. Просто, жібі китайский болған ғой.
- -Душқа киіммен түсуге бола ма? -Жәй ма? Пальтомен түс
- -Намаз оқитын кезде, артымда үш әріпті нәрсе тұрады… -КНБ ма…? Аа, жын ба, жын неғылсын сені…
- -Күйеуің “кет” деп тұрса, кету керек пе? -Жооқ, ол кухняға кет, футбол көруге мешать етпе деп тұрған шығар…
- -Ютубтан сүре қойып, үй тазаласа бола ма? -Жоқ, үйді пылесоспен тазалайсың
- -Бүтін нанды түнде үзуге болмайды дейді, неге? -Дұрыс айтасың, себебі жеп бітіре алмайсың оны.