Басты жаңалықтар

БҚО әкімі Төребаев: ККС-Sicim жұмысшыларының талабы орынсыз

Кеше осы компанияның 500 жұмысшысы ереуілге шығып, жалақыларын бірден 50%-ке көтеруді талап еткен еді

Атырау облысындағы кен орнының жұмысшыларының ереуіліне қатысты БҚО әкімі  Нариман Төребаев пікір білдірді, деп жазды KYN.KZ сайтының тілшісі. "Олар айлықты бірден 50%-ке көтеру талабын қойып отыр. Компания басшылары мен облыстан басшылар келіп, бүгін таңда кездесті. Тыңдады. Мұның барлығы заң аясында шешіледі. Талаптары орынсыз. Еңбек келісім шартында барлығы жазылған. Ол жерде 50%-ке  көтеру жазылмаған. Тек 20%- көтеруге болады деп көрсетілген",-  деді облыс әкімі. Журналистер әкімге қазір теңге құнсызданғандықтан, халық амалсыз осындай наразылыққа барып отырған болуы мүмкін екенін айтты. Әкім тек еңбек келісім шарты бойынша ғана мәселе шешілетінін тағы бір мәрте айтып, тілшілер ортасынан тайып тұрды.