Қыдырәлі мен Қарақат дауы Әблязовтің митингімен байланысты ма?
Желі қолданушылары қолөнерші Ырза Тұрсынзада мен жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат арасындағы дау алдын ала жоспарланған деп болжам жасады.
Олардың пайымынша, бұл әрекет жұрттың көңілін экс-банкир Мұхтар Әблязовтің жоспарланған митингтерінен басқа нәрсеге аудару үшін жасалған болуы мүмкін.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап KYN.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жұртты қызықтырған сауал Астанада өткен баспасөз мәжілісі кезінде Қыдырәлі Болмановқа жолданды. “Маған айқайласа да, бомба лақтырса да, бәрібір. Жоқ, бұл дау алдын ала жоспарланбаған”, – деп жауап берді продюсер. Бұл орайда Болманов Астанадағы коттедж мәселесіне осымен нүкте қойылғанына сенімді. Ел алдында шығып, қолөнершінің шағымына ресми түрде жауап берген ол Ырза Тұрсынзаданы сотқа бермейтінін айтты. Еске сала кетейік, 2016 жылдың желтоқсан айында Қарақат Әбілдина күйеуіне тоқал алып бергісі келетінін мәлімдеді. Кейіннен жұлдызды жұптың “пиар үшін” осындай қадамға барғаны белгілі болды. Болманов осылайша жер мәселесі ушығып тұрған кезде жұрттың назарын өзіне аударуды мақсат тұтқан.