"Алтын басын төрге сүйреймін": Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші Раимға сезімін білдірді
Елімізде кезекті махаббат хикаясы басталды
Айта кетелік, Раим Еркемен түскен суретін жариялап, өздері туралы ақпаратты нақтылай түскен болатын. Осыдан соң, Ерке де сүйіктісіне сезімін білдірді. "Қазақ ер азаматтың басын алтынға теңеп, ерекше құрметтейді. Әр қазақ отбасындағы тәрбие сондай: үлкен болсын, кіші болсын, ер адамды сыйлайды. Мен де дәл бүгін "жүрегімнің иесіне" ризашылығымды білдіргім кеп тұр. Мен үшін, біз үшін, махаббатымыз, болашағымыз үшін әлемге қарсы тұрып, өз қазағымыздан мені қорғап, "өсек, хайп" атты майданда жүр, Райымбек батыр... Батыр атына лайық жігітім иманымен, шыншылдығымен, қарапайымдылығымен, риясыз мені сүйетін ақынжанды болмысымен ерекше. Менің арқасүйерім тек қошеметке, құрметке лайық, мақтауға тұрарлық адам. Ал мен қасыңдамын, алтын басыңды төрге шығарамын. Тыңдарман, оқырман, артық сөздің бәрі қажет емес. Махаббат ұлы күш, әлемді құтқарады. Әр қазақ қызына Райымбектей нағыз жігіт бұйырсын. Жалғыздық бір Аллаға жарасады", - деп жазды әнші.