Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерлі- зайыпты мен олардың 2 жасар ұлы тірідей жанып кетті: Ақмола облысында шырт ұйқыда жатқан отбасының үйі өртенді

Ерлі- зайыпты мен олардың 2 жасар ұлы тірідей  жанып кетті: Ақмола облысында шырт ұйқыда жатқан отбасының үйі өртенді
ашық дереккөз
Жер үйдің өртеніп жатқанын түн ортасында қызыл жалын көтерілгенде барып ауыл тұрғыны көрген
Ақмола облысында жер үйден шыққан өрт үш адамды ажал құштырды. Шырт ұйқыда жатқан ерлі-зайыпты мен олардың екі жастағы сәбиі қызыл жалын құрсауынан шыға алмай қалған деп жазды  КҮN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасай отып. Аудан орталығы Атбасардан 120 шақырымдағы Сочинское ауылында өрт түн ортасында басталған. Қалың ұйқыда жатқан жұрт екі пәтерлі үйдің өртенгенін білмепті. Қызыл жалынды ауыл тұсынан көлігімен өтіп бара жатқан азамат байқап, өрт сөндірушілерге хабар берген. Атбасардан құтқарушылар жеткенше, Сочиндегі ерікті өрт сөндірушілер жасағы өртпен арпалысқан. Бірақ күш алған от бой бермей, жер үйдің қабырғасы қақырап, шаңырағы ортасына түсті. Ұйқыдағы 31-32 жастағы ерлі-зайыпты мен екі жастағы баланы да ешкім құтқара алмады. "Атбасардағы өрт сөндіру бөліміне хабар түнгі сағат 2-де түсті. Бірден алты маман мен арнайы көлік аттанды. Бірақ Сочинскоеға келгенде үйдің 80 пайызы жанып кеткен. Өртті кеш байқапты. Үйден үш адамның мәйіті табылды. Қазір өрттехникалық сараптама тағайындалып, өрттің шығу себебі анықталып жатыр",- дейді Атбасар ауданы ТЖБ бастығы Ерболат Әшкенов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар