Басты жаңалықтар

Беспаев магистр атанғанын мазақ еткендерге жауап берді

Әнші: Мен ешкімнің жолына да, қызметіне де таласқан емеспін

Отандық танымал әнші кеше ғана Еуразия Ұлттық университетінің "Мәдениеттану" мамандығы бойынша магистратура бөлімін аяқтаған болатын. Осы орайда әнші ағамыздысынаушылар да табылды деп KYN.KZ хабарлайды. Жақында ғана магистрант атанған Мейрамбек Бесбаевты ғалым әрі профессор Мырзатай Жақып сынап тастады. Танымал әнші желідегі парақшасында өзін "ғалым болғысы келіп жүр", - деп сынаған зиялы қауым өкіліне жауап берді. "Қадірлі, достар! Өкінішке орай, біздің арамызда қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар адамдар да кездеседі. Өзі ұстаз, өзі журналист-ғалым Мырзантай Жақып деген ағамыз фейсбукте мені ғалым болып біреудің орнын тартып алғалы жүрген адамдай сипаттапты. Менің өнерде өз жолым бар. Ешкімнің жолына да, қызметіне де таласқан емеспін. Бала күнімнен музыка мектебінде оқыдым. Ұлттық консерваторияда білімімді жетілдіріп, Т.Жүргенов атындағы Театр және өнер академиясын бітірдім. Жаңа заман талабына сай сол оқыған білімімді дамыту үшін "Мәдениеттану" мамандығы бойынша магистратураны жалғастырдым. Экономика, заң, физика сияқты басқа саланы қуған жоқпын. Ел сөз қылмасын деп ашық диссертация қорғауға да келісім бердім. Келген адамдардың бәрі қорғаудың қалай өткенін көздерімен көрді. Түркияның, Әзербайжанның елшілігінен де арнайы өкілдер қатысып отырды. Өз салам бойынша білімімді жетілдіруге менің де құқым бар деп ойлаймын. Кейде осындай сәттерде кімнің дос, кімнің дұшпан екені де белгілі болып қалады. Мен ешкімге жамандық тілемеймін. Баршаңызға тек қуаныш тілеймін!", - деп жазды әнші. Беспаевтың жазбасына оқырмандары мен бңлгңлң жұлдыздар қолдау көрсетті. Серік Ибрагимов: "Ағатай, Алла жар болсын! Көңіліңізді түсірмеңіз. Бәрі оңынан болсын", -деп жазды.