Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Әжем анама қарсы қойып, тілімді шығарды»: Отыз жасқа таяған келіншек өмірдегі ауыр соққысын айтты

Ол анасына қарсы сөйлеп үйренген

18.01.2023
0
«Әжем анама қарсы қойып, тілімді шығарды»: Отыз жасқа таяған келіншек өмірдегі ауыр соққысын айтты

Қазақ менталитінде үлкен немерені ата-әжеге беру дәстүрі жазылмаған заңдылық болып саналады. Тұңғыш немерені бауырына басу – ата мен әже үшін үлкен бақыт екені де рас. Дегенмен, мәселенің екінші ұшы көпшілікті ойланта бермейді. Ата мен әже бауырында өскен бала кейін өз әке-шешесін мойындамай, туғандарымен дұрыс араласа алмайды. Одан бөлек, баланы анасына қарсы қойып, тілін шығаратын әжелер де жоқ емес. KYN.KZ-ке хат жолдаған оқырман әжесі мен анасының ортасында жүріп, шаршағанын айтады.

Қарағандылық Гүлсімнің жасы отызға таяп қалды. Бүгінде оның үш баласы мен өз отбасы бар. Бірақ ол анасы мен әжесінің арасындағы кикілжіңге әлі араласады.

«Мені кішкентайымнан ата-әжем баққан. Әкемнің әпке-қарындастары да мені өз меншігіндей көреді. Кішкентай кезімнен мені анама қарсы қою процесі басталды. Мені анамнан қызғану, анамның кемшіліктерін үнемі маған айтып, шешемді дүниедегі ең жауыз адам етіп көрсету – әжем мен оның қыздары үшін қалыпты жағдай болатын. Бұл менің бала психикама қатты әсер етті. Әлі күнге дейін анама дұрыстап еркелей алмаймын, тіпті, оны «мама» деп айтқызбаған. Анамды өз атымен атаймын», — дейді Гүлсім.

Жас келіншек мұндай ара-қатынастан шаршағанын айтады.

«Бұл менің бүкіл өміріме әсер етті. Өйткені, анама да жақындай алмаймын. Ал Ана – әрбір әйелдің өміріндегі ең маңызды тұлға. Анаммен арадағы байланысым үзіліп қалғандай. Ал көзіңді бақырайтып қойып, сенің анаңды жамандағаннан артық қиындық жоқ. Меніңше, бұл дәстүрді қою керек. Қазіргі жас ата-аналар мұндайға бармаса екен. Өйткені, бұл жерде баланы ешкім ойлап отқан жоқ. Бәрі мені құрал ретінде пайдаланды. Анаммен суретке түсу де, бір жерге қыдыру да маған қиын. Әжем мен әпкелерім: «Шешеңді тауыпсың», деп бастайды. Меніңше, ешбір ана баласын мұндай қарым-қатынасқа бермеу керек және ешбір адам басқаның өміріне араласып, басынбау қажет», — дейді келіншек.

Бөлісу8Твит5
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    858 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 215
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.