"Әжем анама қарсы қойып, тілімді шығарды": Отыз жасқа таяған келіншек өмірдегі ауыр соққысын айтты
Ол анасына қарсы сөйлеп үйренген
Қарағандылық Гүлсімнің жасы отызға таяп қалды. Бүгінде оның үш баласы мен өз отбасы бар. Бірақ ол анасы мен әжесінің арасындағы кикілжіңге әлі араласады. «Мені кішкентайымнан ата-әжем баққан. Әкемнің әпке-қарындастары да мені өз меншігіндей көреді. Кішкентай кезімнен мені анама қарсы қою процесі басталды. Мені анамнан қызғану, анамның кемшіліктерін үнемі маған айтып, шешемді дүниедегі ең жауыз адам етіп көрсету – әжем мен оның қыздары үшін қалыпты жағдай болатын. Бұл менің бала психикама қатты әсер етті. Әлі күнге дейін анама дұрыстап еркелей алмаймын, тіпті, оны «мама» деп айтқызбаған. Анамды өз атымен атаймын», - дейді Гүлсім. Жас келіншек мұндай ара-қатынастан шаршағанын айтады. «Бұл менің бүкіл өміріме әсер етті. Өйткені, анама да жақындай алмаймын. Ал Ана – әрбір әйелдің өміріндегі ең маңызды тұлға. Анаммен арадағы байланысым үзіліп қалғандай. Ал көзіңді бақырайтып қойып, сенің анаңды жамандағаннан артық қиындық жоқ. Меніңше, бұл дәстүрді қою керек. Қазіргі жас ата-аналар мұндайға бармаса екен. Өйткені, бұл жерде баланы ешкім ойлап отқан жоқ. Бәрі мені құрал ретінде пайдаланды. Анаммен суретке түсу де, бір жерге қыдыру да маған қиын. Әжем мен әпкелерім: «Шешеңді тауыпсың», деп бастайды. Меніңше, ешбір ана баласын мұндай қарым-қатынасқа бермеу керек және ешбір адам басқаның өміріне араласып, басынбау қажет», - дейді келіншек.