Бас прокуратура Владислав Челахтың шағымын қарап жатыр
Ол желтоқсан айында өтініш берген
Бас прокуратура Владислав Челахтың шағымын қарап жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді.
Владислав Челахтың өтініші Бас прокуратураға 22 желтоқсанда түскен. «Оның шағымын біз әлі қарап жатырмыз. Шыққан нәтижені оған хабарлаймыз. Жауап алу болған жоқ», - деді бас прокурордың орынбасары. 2012 жылы «Арқанкерген» шекара заставасында 15 адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах өзінің кінәсіз екенін айтқан болатын.