Басты жаңалықтар

Павлодарда таксиге отырған келіншек жоғалып кетті

Таксиші әйелді жеткізіп тастаған мекен жайды туыстары мен полицияға түсіндіріп берді

40 жастағы Елена Федеровичеваның қайда кеткені белгісіз. Ол 16 қаңтар күні соңғы рет Павлова 48 мекен-жайынан такси шақыртқан. Ал такси жүргізушісі оны Бектұров көшесіне жеткізгенін айтты. Алайда оның әрі қарай қай бағытқа кеткені беймәлім. 3 күннен бері полиция мен еріктілер оны іздеп таба алмай жатыр. Жоғалған күні әйелдің үстінде ұзын күртеше, басында көк түсті бас киімі болыпты. Ал бойы 1 метр 65 см. "Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөліміне оның бауыры әпкесінің жоғалып кеткені туралы хабарлады. Аталған дерек тіркелді. Қазіргі уақытта оны іздеу шаралары жүргізіліп жатыр",-дейді  Облыстық полиция департаменті криминалды полиция басқармасының жедел уәкілі Дәуіт Госманұлы.