Басты жаңалықтар

Коуч: Жігіт "Мамашкаға қарайсың" десе топас болмай бірден қашыңдар, қыздар!

Коуч Роза  Аширбаева бүгінде қыздарға қалай ақша тауып, заманауи үлгіде  баршылықта өмір сүруге болатынын үйретеді. Ол жас қыздарға үлкен өмірде шалыс баспау үшін өз кеңесімен жиі бөліседі. Аширбаеваның кеңесі көпшілікке бірдей жақпайтын кездер көп. Әсіресе қыздарға келін ретінде қарайтын апалар, коучты жақтырмағандарын ашық айтып жүр, деп жазды KYN.KZ. "Айналайындар "Мамашкаға қарайсың, оқымай-ақ қой" дейтін жігіттерден тұрда қаш. Топас болмаңдар қыздар! Сол жерде еріп "Он меня уже любит. Қазірден өз қамқорлығына алды" деп топас болып сене салмаңдар. Қыздар, топассыңдар. Сосын ол сені оқытпайды да. Диплом алып бермейді, жұмыс істемейсің. Жүресің жыл сайын инкубатор сияқты туып. Сен, оның атасы, анасы соның мойнында отырасыңдар. Немесе, керісінше, барлық туған балаң, өзң, күйеуің ата-енеңнің пенсиясына қарап. Осындай өмірге өзің келіспе басың болса!",-дейді коуч Роза. Көпшіліктің осы сөзге орай пікірі екіге жарылды. Бірі мұны ащы шындық десе тағы біреулері пысық әйел сөйтіп айтқан жігіттің өзін уақыт өте өз айтқанына көндіріп алады деген пікірде.