Басты жаңалықтар
Алматыда 775 миллион теңгеге сапасыз салынған жаңа емхана дәрігерлері ғимарат өздерін басып қалады ма деп қорқып отыр
- автор kyn.kz
- 20 қаңтар, 2023
- 332
Емхана қабырғасы 10 см шөгіп кеткен, қабырғасы жарылып тұр
Алматыда 775 миллион теңгеге салынған жаңа емхананың сапасы сын көтермейді. Ғимараттың қабырғалары жарылып, төбесі құлайын деп тұр. Алайда медициналық мекемені жөндеуге билік өкілдері асықпайды.
2017 жылы пайдалануға берілген емхананың бүгінгі сиқы осы. Ғимарат шөгіп барады, қабырғалар қақырап тұр. Дәрігерлер жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап бірнеше рет хат жазған көрінеді. Бірақ нәтиже жоқ. "Қорқыныш бар. Өздеріңіз көрдіңіздер, қанша см төмендегенін. Пациенттер де сыртыннан көріп, кіруге де қорқады. Әр сотрудник осы подвалға кіріп, киініп-шешінеді. Дәрі-дәрмек тұр. Өзіміздің қызметкерлер бар ремонт жасайтын аурухананың күшімен",- дейді Алматы қ.№ 7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері орынбасары Ләззат Жұмаділова. Емханада 200 маман қызмет етеді. Тәулігіне 400-ге жуық науқас қабылдайды. Олардың бәрінің өміріне қауіп төніп тұр. Аурухана қызметкерлері өз күштерімен жөндеу жұмыстарын жүргізген. Оған 4 жарым жыл ішінде миллион теңге жұмсалған көрінеді. "ДЧС-ке де хабарластық. Институт сейсмологииға да хабарластық. Қағаздарына қарасақ, еш қауіп жоқ, пайдалана беруге болады дейді. Бірақ жыл сайын көріп отырмыз, ғимарат отырып жатыр. 5 жылдың ішінде 10 шақты см ге отырған шығар",- дейді Алматы қ.№ 7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Манас Рамазанов. Ал емхана қызметкерлері әрі қарай да жандарын шүберекке түйіп жұмыс істеуге мәжбүр.