Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы төңірегінде болған ақпаратты оның баспасөз қызметі растады. Астанада экс- президенттің жүрегіне ота жасалғаны белгілі болды. Ол қазір отадан кейінгі бір қалыпты жағдайда екен, деп жазды KYN.KZ.
"Нұрсұлтан назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Ота сәтті шықты. Оның өміріне ешқандай қауіп жоқ. Қазір ол дәрігерлердің қарауында. Ота Ұлттық кардиологиялық орталықта болды. Танымал кардиохирург Ю Пя барлық жағдайды өз қадағалауында ұстады",-деп жазды Айдос Үкібай.