Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Талдықорғанда 15 жасар құрбысын сабаған қыз неге мұндай қатыгездікке барғанын айтты

Таяқталған қыздың миы шайқалып, денесі көгеріп, көзіне ауыр зақым келе жаздаған

20.01.2023
0
Талдықорғанда 15  жасар құрбысын сабаған қыз неге мұндай қатыгездікке барғанын айтты

Талдықорғанда жалдамалы пәтерде төбелескен қыздардың әрекеті бар Қазақстан халқын шошытқаны рас. Қыздар тіпті кәмілет жасына да толмаған. Кадрда Мадина есімді оқушыны сабаған Айсұлу 17 жаста. Анасының сөзінше оның қатыгездікке баруына жеке өмірінде болған сәтсіздіктер себеп болуы мүмкін, деп жазды KYN.KZ  «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасай отырып.

Айсұлу  өзінен екі жас кішкентай қызды не себепті сабағанын түсіндірді.

«Мен қатты ашуға беріліп кеттім. Мадинадан кешірім сұраймын. Бірақ, ол өзі біледі кешіреді немесе жоқ. Ол менің және құрбыларымның телефонын ұрлап алды. Соны мойындатып, видеоға жазып отырған едік. Өз әрекетімді дұрыс емес деп ойлаймын. Алдағы үш жылда өзгеріп, өзімді қолға аламын. Жақсы жаққа өзгеремін»,-дейді  Айсұлу.

Талдықорғанда 15  жасар құрбысын сабаған қыз неге мұндай қатыгездікке барғанын айтты

Ал, оның анасы болса  Мадинаның өзі Айсұлуды осыншалықты ашулануға жеткізген деп отыр.

«Сіздер қазір бәріне Айсұлуды кінәлі көріп отырсыздар. Мадинаның да кінәсі көп негізі. Ол полицияда бірнеше іс бойынша тіркеуде тұр. Жаман аурумен больницада тіркеуде.  Анасына керек емес, тастап кеткен.  Әжесіне де осыған дейін керек емес еді. Енді неге қорғаштағанын білмеймін. Кезінде талай рет ол қызды үйінен қуып жіберіп еді. Енді мен өз қызымдікі дұрыс демеймін.

Айсұлу кінәлі деп танылса жазасын алсын. мына видеоны көргенде өзім қатты ұялдым, шошыдым, таяқ жеген қызды аядым. Менің қызымды алып қашып кетіп тұрмыста болып келді. Одан жүкті болып келіп, оны алдырды. Сол оқиғалар оның жүйкесінің тозуына себеп болған болуы керек. Менде өз денсаулығыммен кетіп, бұның тәрбиесіне қарамадым. Сол үшін айыптымын»,- дейді Айсұлудың анасы.

Таяқталған Мадинаның әжесі болса полицияға арыз жазып, немересін сабағандардың қатаң жазалануын талап етіп отыр.

 

Бөлісу440Твит275
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    858 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 215
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.