Талдықорғанда үш құрбысы жабылып сабаған Мадинаның жағдайы белгілі болды
Талдықорғанда төбелескен кешкі мектеп пен колледж студент қыздарының сұхбаты көпшілікті қайран қалдырды. «Көреміз» бағдарламасы тапқан ақпараттарға қарасақ, олар кәмелет жасына жетпей ішімдік ішіп, жартылай жалаңаш суреттерін желіге жүктеп, ересек өзге ұлт өкілдерімен қонақ үйлерге барып жүрген. Ал, жалдамалы пәтердегі төбелес оқиғаның шыңы болды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Мадинаның апасы немересінің таяққа жығылғанын ватсап арқылы тараған видеодан көріп, шошып кеткен. Бірден дәрігер шақырып, қызды медициналық тексеруден өткізген. «Мен оның таяқ жегенін байқамадым. Тек ватсаптан видеоны көргенде қорқып, больницаға алып бардым. Бұндай адамдарды қатаң жазалау керек. Не сұмдық мынау? Малды да бұлай сабамайды. Дәрігер миы шайқалған, гематома деп отыр. Мен арыз жаздым, жай қалдырмаймын»,-дейді Мадинаның апасы. Ал Мадинаның өзі болса ешкімге ешқандай шағымданбағанын айтады. «Олар өздері түсіріп, өздері таратып өз бастарына жасап отыр. Мен ешкімге де айтқан жоқ едім. Апама да шағым айтпағанмын. Сол күні полиция шақырдым жалдамалы пәтерге. Сол қызметкерлер мені үйге алып келіп тастады»,- құрбылары жабылып ұрған Мадина есімді он бес жастағы қыз.