Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Атырауда орта мектеп директоры туберкулездің ашық түрімен ауыратыны анықталды

21.01.2023
0
Атырауда орта мектеп директоры туберкулездің ашық түрімен ауыратыны анықталды

Атырауда орта мектеп директорынан туберкулездің ашық түрі анықталды. Алайда жұқпалы дертке шалдыққанын білмей, ол қанша уақыт бойы білім ордасында жүргені белгісіз. Сондықтан қала мектебінің ата-аналары құрт ауруы балаларына жұғып кетпеді ме деп қауіптеніп отыр.

Мектеп басшысы жаңа жылдан кейін өзін жайсыз сезініп, жиі шөлдеп, салмақ тастай бастағанын байқаған. Рентгенге түскенде өкпесінде өзгеріс бар екендігі анықталыпты. Бірақ дәрігерге қаралмай, өздігінен ем қабылдаған. Жұмыста жүріп, жекеменшік медициналық ұйымдарға барған. Тексерістерден соң қан диабеті анықталған.

Онан кейін туберкулез диагнозы қойылған. Дәрігерлер мектеп директорын бір жылдық медициналық тексерістен соңғы рет былтыр ақпан айында өтті деп отыр. Сол кезде жұмысқа жарамды болған. Ол басшылық ететін мектепте 1300-ге тарта оқушы білім алады. 112 мұғалім қызмет еткен.

«Науқасымыз қазір облыстық фтизопульмонологиялық орталықта жатыр. Туберкулез таяқшасын бөлу түріменен ауырып жатыр. Оны өзінің тиісті аппараттарда, құрылғыларда анализдердің қорытындыларымен бекітілген»,-дейді №4 қалалық емханасының директоры Еркін Сабиров.

Білім бөлімі басшылығы директордың қаңтар айынан бері оқушылармен байланыста болмағанын айтып отыр. Сондықтан тек мұғалімдер мен отбасы мүшелерінен зертханалық сараптама алынады. Бұл жағдайдан кейін білім беру ұйымдары қызметкерлерінің санитарлық кітапшасының жалған не жалған еместігі де тексерілмек.

Бөлісу82Твит51
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1648 бөлісу
    Бөлісу 659 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1408 бөлісу
    Бөлісу 563 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1281 бөлісу
    Бөлісу 512 Твит 320
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.