Басты жаңалықтар

Алматыдағы салонда 41 жастағы әйелді пышақтап, 29 жастағы жігіт суицид жасады

Әйел массаж салонында жұмыс істеген. Жігіт оны сол жерде өлтірді

Алматы тұрғыны 41 жастағы әйелді өлтіріп, артынша өзіне қол салды. Оқиға қаланың қымбат аудандарының бірінде болды. 29 жастағы жігіт сұлулық салондарының біріне кіріп, сол жерде отырған таныс әйелін пышақтаған. Ауыр жарақат алған келіншек оқиға орнында жан тапсырыпты. Қолын қанға малған азамат сосын сыртқа шығып суицид жасаған. Жас жігіттің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Сұлулық салонының қызметкерлері де мән-жайды айтудан бас тартты. Жантүршігер оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. "Алматы полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлайды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру мен өзін өзі өлтірудің мән-жайы анықталуда",- деді Алматы ПД ресми өкілі салтанат Әзірбек.