Басты жаңалықтар
Адамның ашуын басып, көңіл-күйін реттейтін табиғи өнімдер айтылды
- автор kyn.kz
- 23 қаңтар, 2023
- 433
Адамның жүйке жүйесі үшін, әсіресе қарт адамдар үшін ең пайдалы өнім күркетауық болып саналады, деп жазады диетолог Елена Соломатинаның сөзін Lenta.ru порталы.
Маманның айтуынша, жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін ағзаға күркетауықтағы В дәрумендерінің жеткілікті мөлшері қажет.
Диетолог бұл құстың етінде пайдалы полиқанықпаған май қышқылдары бар екенін айтты. Олар миелинді жүйке талшықтарын оқшаулауды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, күркетауықта магний көп. Сондықтан, дәрігердің айтуынша, бұл өнімді үнемі қолдану ашушаңдықты басады және жүйке жүйесін нығайтады.
Күркетауық етінің құрамында фосфор да бар. Ол ойлану қабілетіне пайдалы, деп қорытындылады маман.