Басты жаңалықтар
Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады
- автор kyn.kz
- 23 қаңтар, 2023
- 380
Raim: Біз шаршадық. Өтініш тоқтатыңыздар!
Ерке Есмахан мен әнші Raim некелері қиылса да, қазнетте олардың осы әрекетін даттаушылар мен жақтаушылар шайқасы тоқтар емес. Бірі қос ғашықтың шешіміне сыйластықпен қарауды дұрыс десе, тағы бір тарап бұл қоғамға бүлік салу деп ұғатындарын ашық айтып жатыр. Осыған дейін үндемей келген кішкентай күйеу бала, өзінің пікірін айтып, халықты шешімдеріне түсіністікпен қарауға шақырды, деп жазды KYN.KZ.
"Біріншіден, былтырғы қаңтарға қарағанда биылғы қаңтар қуанышты ғой?! Ұмыттыңыздар ма былтыр соғыс болып, адам өліп, жеріміз қанға боялғанын?
Екіншіден, Әр адамның өткен-кеткені бар. Өздеріңіз идеальный болып, сонша неге артымызға түсіп алдыңыздар? Әр қайсыңыздан іздесе кем тұстарыңыз табылады. Пендешілікке салынбаңыздар!
Үшіншіден, Адамның айтқаны емес, Алланың дегені болады. Біз некеміз қиылған жанұямыз. Намыс, тәрбие, қасиет жоқ, есі кеткен адам ғана отбасының ортасына түседі. Сондай адамның қатарынан болып, Алланың қаһарына қалмаңыздар.
Естігілеріңіз келсе айтайын. Біз шаршадық. Өнерден, өмірден айырылсақ та, махаббатымыздан айырыла алмайтынымызды нық білеміз. Өтініш тоқтатыңыздар!",-деп жазды Ерке Есмаханның жас күйеуі Raim.