Басты жаңалықтар

"Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты": Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

Қорғаушы Пралиевтің сөзінше әскери бөлімде бірнеше адам оны қорлап өлтірген болуы мүмкін

Жамбыл облысында өз белдігіне асылып өлді деген сарбаздың ісі бойынша адвокат  Сержан Пралиев жантүршігерлік айғақтарды айтты. Сөзінше биологиялық сараптамада марқұмның ауыз қуысы мен оған тиесілі киімдерден бірнеше адамның шәуеті табылған. Оның ішінде марқұммен жақын араласып жүрген досының да ДНК-сы шыққан, деп жазды KYN.KZ. "Жебірленуші тараптың туыстарының өтініші бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Солардың ішінде ең маңыздысы биологиялық еді. Қорытынды бойынша марқұмның ауыз қуысынан, жейдесі мен ішкиімінен шәует іздері анықталды. Әрі қарай биологиялық заттың кімге тиесілі екенін анықтау бойынша биологиялық сараптамаға жолданды. Бірақ менің қорғауымдағы азаматтың ДНК-сы табылмады. Осыдан кейін қан тобы сәйкес келетін өзге сарбаздарға сараптама тағайындалды. Жақында ғана қорытынды шығып, ол жерде марқұмға тиесілі ДНК-дан бөлек тағы үш адамның немесе одан да көп адамның ДНК-сы бары анықталды. Олардың бірі - марқұмның жақын досы, олар бірге қызмет еткен сарбаз. Басқа ДНК- ларды анықтау үшін  шекара бөліміндегі барлық адамға сараптама жүргізуге өтініш жазылды. Бірақ,  сараптама жүргізуге рұқсат берілген жоқ. Себебі мұнда сексуалды  сипаттағы зорлық жоқ деп отыр. Сарбаз ұрып-соғуға шыдамай асылып қалған деген қорытынды шықты. Ал марқұмның бойынан өзге бірнеше адамға тиесілі шәуеттің табылғанын  әскери тергеу басқармасы жоққа шығарып отыр. Оны зерттеуге де құлықсыз. Істі ертерек жауып, сотқа беруге асығып отыр. Себебі 5 айға қамау мерзімі  қаңтардың соңында аяқталады. Марқұмның іш киімінен шәуеті табылған сарбаз сол күні моншаға барып, мастурбация жасап, қолын сол жерде тұрған жейдеге сүрткенін айтты. Шалбары, ішкиімінен де сол адамның ДНК-сы шығып тұр. Оны қалай түсіндіреді? Өзге адамдардың ДНК-сын ешкім елемей отыр. Бұл жерде үлкен бір қылмыс тұтастай бүркемелені қалайын деп тұр. Тергеуді ертерек бітіріп, істі сотқа беру көзделіп жатыр. Соған қарай әрекет жылдам жасалынуда. Бұл осы істе ашылар болса бүтін бір шекара қызметінен үлкен дау шыққалы жатыр.  Осы сараптама нәтижелері қылмыстық іске қосылған жоқ. Сарбаз өлімі болған күні шекарада қызметте болған адамдардан жауап алынбады. Үлкен істе жалғыз күдікті бар. Оған  "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу", "Лауазымын асыра пайдалану", "Бопсалау" баптары бойынша іс қозғалып, тергеліп жатыр ",-дейді адвокат. Есте болса Жамбыл облысында  әскери борышын өтеп жүрген  сарбаз Бекбол Мираш өз белдігіне асылып өлген жерінен табылған еді. Бұл жағдай 2022 жылдың 19-шы тамызында болған еді. Бекбол Мираш  сол жылдың көктемінде әскерге шақыртылған. Оның қазасына сүйіктісімен ұрысып қалуы себеп деген нұсқа айтылған еді. Бірақ жігіттің көңіл қосып жүрген қызы бұл болжамды жоққа шығарды. Кейіннен шекара бөлімінде сержант айбек Нұртаевтың Бекбол Мирашты ұрып, балағаттағанын көргендер табылып, ол тергеу абақтысына жеткізілген еді. Бірақ дәл осы нұсқа қорғаушының сөзінше еш дәлелсіз. істе тек куәгерлердің сөзі ғана айғақ болып отыр. Адвокат пен марқұмның туыстары жасатқан биологиялық сараптама іске еш қосылмай жатыр екен.