Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

Қорғаушы Пралиевтің сөзінше әскери бөлімде бірнеше адам оны қорлап өлтірген болуы мүмкін

23.01.2023
0
«Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

Жамбыл облысында өз белдігіне асылып өлді деген сарбаздың ісі бойынша адвокат  Сержан Пралиев жантүршігерлік айғақтарды айтты. Сөзінше биологиялық сараптамада марқұмның ауыз қуысы мен оған тиесілі киімдерден бірнеше адамның шәуеті табылған. Оның ішінде марқұммен жақын араласып жүрген досының да ДНК-сы шыққан, деп жазды KYN.KZ.

«Жебірленуші тараптың туыстарының өтініші бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Солардың ішінде ең маңыздысы биологиялық еді. Қорытынды бойынша марқұмның ауыз қуысынан, жейдесі мен ішкиімінен шәует іздері анықталды. Әрі қарай биологиялық заттың кімге тиесілі екенін анықтау бойынша биологиялық сараптамаға жолданды.

Бірақ менің қорғауымдағы азаматтың ДНК-сы табылмады. Осыдан кейін қан тобы сәйкес келетін өзге сарбаздарға сараптама тағайындалды. Жақында ғана қорытынды шығып, ол жерде марқұмға тиесілі ДНК-дан бөлек тағы үш адамның немесе одан да көп адамның ДНК-сы бары анықталды. Олардың бірі — марқұмның жақын досы, олар бірге қызмет еткен сарбаз. Басқа ДНК- ларды анықтау үшін  шекара бөліміндегі барлық адамға сараптама жүргізуге өтініш жазылды.

Бірақ,  сараптама жүргізуге рұқсат берілген жоқ. Себебі мұнда сексуалды  сипаттағы зорлық жоқ деп отыр. Сарбаз ұрып-соғуға шыдамай асылып қалған деген қорытынды шықты. Ал марқұмның бойынан өзге бірнеше адамға тиесілі шәуеттің табылғанын  әскери тергеу басқармасы жоққа шығарып отыр. Оны зерттеуге де құлықсыз. Істі ертерек жауып, сотқа беруге асығып отыр. Себебі 5 айға қамау мерзімі  қаңтардың соңында аяқталады.

Марқұмның іш киімінен шәуеті табылған сарбаз сол күні моншаға барып, мастурбация жасап, қолын сол жерде тұрған жейдеге сүрткенін айтты. Шалбары, ішкиімінен де сол адамның ДНК-сы шығып тұр. Оны қалай түсіндіреді? Өзге адамдардың ДНК-сын ешкім елемей отыр. Бұл жерде үлкен бір қылмыс тұтастай бүркемелені қалайын деп тұр.

Тергеуді ертерек бітіріп, істі сотқа беру көзделіп жатыр. Соған қарай әрекет жылдам жасалынуда. Бұл осы істе ашылар болса бүтін бір шекара қызметінен үлкен дау шыққалы жатыр.  Осы сараптама нәтижелері қылмыстық іске қосылған жоқ. Сарбаз өлімі болған күні шекарада қызметте болған адамдардан жауап алынбады. Үлкен істе жалғыз күдікті бар. Оған  «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу», «Лауазымын асыра пайдалану», «Бопсалау» баптары бойынша іс қозғалып, тергеліп жатыр «,-дейді адвокат.

Есте болса Жамбыл облысында  әскери борышын өтеп жүрген  сарбаз Бекбол Мираш өз белдігіне асылып өлген жерінен табылған еді. Бұл жағдай 2022 жылдың 19-шы тамызында болған еді.

Бекбол Мираш  сол жылдың көктемінде әскерге шақыртылған. Оның қазасына сүйіктісімен ұрысып қалуы себеп деген нұсқа айтылған еді. Бірақ жігіттің көңіл қосып жүрген қызы бұл болжамды жоққа шығарды.

Кейіннен шекара бөлімінде сержант айбек Нұртаевтың Бекбол Мирашты ұрып, балағаттағанын көргендер табылып, ол тергеу абақтысына жеткізілген еді. Бірақ дәл осы нұсқа қорғаушының сөзінше еш дәлелсіз. істе тек куәгерлердің сөзі ғана айғақ болып отыр. Адвокат пен марқұмның туыстары жасатқан биологиялық сараптама іске еш қосылмай жатыр екен.

Бөлісу648Твит405
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.