Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Кинодағыдай шытырман»: шетелде құлдықта болған екі қазақстандықтың елге қалай оралғаны айтылды

Екі жігіт Қазақстаннан кетерде қыруар қаржы табамыз деген уәдеге алданып барған

23.01.2023
0
«Кинодағыдай шытырман»: шетелде құлдықта болған екі қазақстандықтың елге қалай оралғаны айтылды
Таиланд, Мьянма және Лаос шекараларының түйіскен жерінде құлдықта болған Қазақстан азаматтарына шекараны кесіп өтуге жергілікті тұрғын көмектескен
 Оңтүстік-Шығыс Азияда еңбек құлдығына түскен екі қазақстандық жуырда Алматыға ұшып келді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Өткен аптада екі қазақстандық Оңтүстік-Шығыс Азияда (Таиланд, Мьянма және Лаос шекарасы) еңбек құлдығына түскені хабарланған болатын.
«Жуырда сол жақта құлдықта болған екі жігіт аман-есен үйлеріне оралды. Біздің азаматтарға жергілікті тұрғын және халықаралық үкіметтік емес ұйым көмектесті. Өйткені ол жерде жергілікті билік жұмыс істей қоймайды», — деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Оның айтуынша, отандастарымыз тұтқыннан қашып шыққан. Содан кейін сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен байланысқа шыққан. Қазақстандықтарға белгілі бір сомаға шекараны кесіп өтуге жергілікті тұрғын көмектескен.
«Біз хабар алысымен, оларға қауіпсіз жерде жасырына тұруға кеңес бердік. Сөйтіп оларға халықаралық үкіметтік емес ұйымның қызметкерін жібердік. Ол жігіттерді қала сыртына шығарып, қонақ үйге орналастырды. Осыдан кейін біздің консулымыз Бангкоктан автокөлікпен шығып, жігіттерді Бангкокқа жеткізді», — деп баяндады мән-жайды СІМ ресми өкілі.
Бангкокқа жеткеннен кейін қазақстандықтарда Таиланд визасының мерзімі өтіп кеткені анықталған. Ал бұл шұғыл түрде оларды Таиландтан депортациялауды көздейді.
Қазақстандық консул бірден бұл мәселені тай билігімен шешуге кіріскен. Осылайша бір тәулік ішінде құжаттар дайын болып, билет сатып алынды. Отандастарымыз Катар арқылы Алматыға ұшып келді, деді Смадияров.
СІМ ресми өкілінің айтуынша, алдын ала сөз байласқан халықаралық қылмыстық топтар көбіне үшінші тарап және әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы Қазақстан азаматтарын Таиландтағы компанияларға жұмысқа шақырады. Таиландқа келген соң, түрлі сылтау айтып, азаматтарды алаяқтық жолмен Мьянмаға жеткізеді. Сөйтіп ол жерде олар еңбек құлдығына түседі.
Бөлісу132Твит82
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.