Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мүхамеджан Тазабек: Итпен некелесіп жатқандар да бар

Мүхамеджан Тазабек: Итпен некелесіп жатқандар да бар
ашық дереккөз
Ақын көпшіліктен Ерке мен Raim-ның некесін сынамауды сұрады
Мұхамеджан Тазабек әнші Райм мен Ерке Есмаханның неке қидыруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kaz.caravan.kz. Оның айтуынша, біреудің өткенін қозғасаңыз, күлсеңіз, басыңа келмей қоймайды. – Кез-келген қыз бала қателессе, тамашалап, не болар екен деп отырамыз. Жақсылық тілемейміз. Біреудің күнәсін көрсеңіз де, тәубе еткенін көрген жоқсыз деген бар. Өткенді қазбалау жақсы нәрсе емес. Тарихта қаншама мысалдар бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с)-ның аузынан түспей жүрген Хадиша анамыз да өзінен 15 жас үлкен болды. Алла сол кісілердің арасындағы махаббатты нәсіп етсін. Ерке мен Раймға бақыт тілейік. Алла Пугачева мен Галкинмен теңестірмеңіздер. Олардың бетін ары қылсын. Біз сондай бір қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Итпен неке қиып жатқандар бар. Еркек пен еркек некелесіп жатыр. Біз шүкір етіп, арасы 20 жас болса да, қуана білуіміз керек. Ерке мен Раймның некелері берекелі болсын! – дейді Мұхаммеджан Тазабек.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар