Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

Бүгінде Алматы мен Астана сынды ірі қалада жастар осылай ақша табатын болған

23.01.2023
0
Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

Әлеуметтік желіде «Бір сағатқа дос боламын» деген жазбаны көрсеңіз, таң қалмаңыз! Себебі, бұл — жаңа қызмет түрі. Тіпті, оны кәсіп көзіне айналдырып алғандар арнайы агенттік ашып, оны ғаламторда жарнамалап жүр. «Күйзеліп жүрсең, кездесейік» дейтіндер неге көбейіп кетті?

Бұл туралы KYN.KZ сайты Астана арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ақшаң болса қалтаңда, достың түр-түрін таңдап, талтаңда! Қазір жалдамалы жолдас іздеп, сыр шерткісі келгендердің мақалы – осы. Олар серік іздеп сергелденге түспейді, желіні ашып шертіп тұрып таңдай алады. Олар ақшасын төлесең, қасыңда отырып, сені сағаттап тыңдауға дайын.

Жалдамалы жолдастың қалай жұмыс істейтіні сіздерге ғана емес, маған да қызық болды.

«Бір күнге досыңыз болып берейін» деген адамды көрсеңіз не дер едіңіз? Таң қалатыныңыз рас! Қазір әлеуметтік желіде осындай жарнамасымен жер жарып тұрған қыздар, жігіттер өте көп. Солардың біріне хабарластым. Кездесейік деп едім, бірден келісті. Орынды белгіледік. Сағат қазір үш болды. Мен келдім, көрейік әңгімелесіп.

Күткен «досым» уақытынан ерте келіп, мені күтіп отыр екен. Ә дегеннен әңгімені қызығушылықтарымды сұрап бастады.

Міне, қызық! Көптің мұңын тыңдап, «ақылшы» боп жүрген ару әлі студент екен. Бұл жұмысты ақшадан қысылған соң бастапты. Тамырын басып, теңге табудың басқа жолын таппадың ба деп едім…

-Это все нормально, знаете? Потому что адамды депрессия болады, стресс болады. Соны өзіңнің жақын адамыңа айтқын келмейтін кездер болады ғой. Ешқандай бір общий знакомстволары жоқ біреулерге тұрады да осылай әңгімесін айтып береді. Бір сағатта ол деген іштегінің барлығын айтып тастаған кезде, үлкен бір пар шығарып тастайды да.

Өздеріңіз көргендей, Мадина есімді қызбен таныстым. Сырластық, әңгіме айттық, әртүрлі тақырыпта, неше түрлі әңгіменің басын қайырдық. Расымен маған бұл қызмет түрі басында таңсық болып көрінгені рас. Бірақ шынымен де жеңілдеп қалады екенсің.

Адамдар жалдамалы достың көмегіне неге жүгінеді? Психолог оны былай түсіндірді.

«Олар тек қана тыңдап тұрады да, ақшасын алады да кетеді. Адамға керегі де сол. Біздің көп жақындарымыз тыңдауды білмейді. Керісінше ақыл айтуға тырысады»,-дейді психолог Ажар Нұркенова.

Елордалықтардың да ойын біліп көрдік. Араларынан құптағандар да, даттағандар да болды.

Ал қоғам белсендісі бұл қызметтің пайдасынан гөрі, зияны көп дейді.

«Адамның құнын біз қазір өте төмен деңгейге түсіріп отырмыз да бұл арқылы. Шынын айтсам, мен бір басқа мемлекеттен бұндай нәрселерді естіген жоқпын енді. Ал енді Қазақстанда мұндай нәрселердің орын алуы біздің қазақ халқы үшін өте ұят нәрсе»,-дейді қоғам белсендісі Ғалымжан Керімбек.

Мамандар мұндай қызметке сұраныстың артуына жалғызбасты адамдардың көбеюі себеп дейді.

Бөлісу452Твит283
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.