52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті
Өнер майталманына Еркенің жағдайынан кейін жазатын жас жігіттер қатары бірден көбейіпті
Әр айтқан сөзі мен жасаған әрекеті ел есінде қалатын әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева өзінен жиырма бір жас кіші жігіттің көңіл білдіргенін айтып, көпшілікті өзіне қаратты. Жасы 50-ден асқан әнші өзіне 29 жастағы жігіт не деп жазғанын ашық көрсетті, деп жазды KYN.KZ. Әнші бірақ өз тыңдарманы әрі өзіне жігіт ретінде көңіл бөліп қызыға бастаған азаматқа жас айырмашылық маңызды екенін жазған. Ол өз жазбасында Ерке Есмаханның жағдайынан кейін мұндай хаттар көбейе түскенін жеткізді. Қазақ халқының алдында жүрген өнерлі қыздарға жас жігіттер көптеп жазады. Хабарласып, көңіл қосып үйленіп, балалы болғандар да аз емес. Бірақ, Түсіпбаева ондайларға сеніп, тұрмысқа шыға қоятын жас қыз еместігін көрсетті.