Басты жаңалықтар

Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды

Қазақ музыкасында өзіндік орны бар талантты композитор, продюсер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Дүйсенов бақилық болды, деп жазды KYN.KZ сайты. Бұл туралы өнер майталманының әріптестері желідегі парақшаларында бүкіл қазаққа көңіл айта отырып хабарлады. Қаралы хабарды композиторға жақын адамдар растаған. Танымал музыканттың жүрегі   48 жасында тоқтады. Қазірге қайғылы жағдайға ненің нақты себеп болғаны айтылған жоқ. KYN.KZ сайты атынан композитордың отбасы мен жақындарына, балалары мен жолдастары қайғыра көңіл айтамыз.