Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

24.01.2023
0
Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің үстінен арыз жазды. Бұл туралы бұрынғы министр Елжан Біртанов пен оның орынбасары Әбішевке қатысты апелляциялық отырыста мәлім болды.
Олжас Әбішев полицияға жауап алуға шақырылғандықтан соттан отырысты 25 қаңтарға ауыстыруды сұрады.
«Маған полициядан қоңырау шалып, қазіргі денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осы сотта айтылған материалдарға қатысты арыз бергенін айтты. Бұл мені таңғалдырды, өйткені бұл материалдардың барлығы ашық көздерден алынған, бұл инсайдерлік ақпарат емес.
Неліктен маған полицияға арыз бергенін түсіне алмай жүрмін. Адвокат Фатима Берсанова кеше осы мәлімдемемен танысу үшін полицияға барды, бірақ бұл мәлімдемеден біз бейхабармыз, егжей-тегжейін білмейміз. Мен мұндай әрекетті қысым көрсету деп қабылдаймын, өйткені осы сотта біз денсаулық сақтау министрлігінің қазіргі басшылығының барлық жағымсыз әрекетін көпшілік алдында көрсетеміз», – деді Әбішев.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Мақұлбекова арыз денсаулық сақтау министрі Ғиният қол қойды делінген Біртанов пен Әбішевті қолдау туралы петицияға қатысты екенін түсіндірді. Оның айтуынша, Әбішев сотта осы петицияның скриншотын көрсеткендіктен Ғиният өзінің электронды қолтаңбасын қоймаған, министр жағдайды анықтау үшін полицияға жүгінген.
Сот алқасы өтінішті қанағаттандырмай, істі қарауды жалғастырды, өйткені сотқа Әбішевтің полицияға шақырылғаны туралы ресми өтініш түспеген.
Айта кетері, 2022 жылдың 6 желтоқсанында медицина қызметкерлері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық істі назарға алуды өтінген болатын. Петиция otinish.kz сайтында жарияланған.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 28 қазанда бірінші сатыдағы сот Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру процесінде лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды. Біртановқа 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы берілді, Әбішев төрт жылға бас бостандығын шектелді.
Қорғаушы тарап сот үкімімен келіспеді. Бұрынғы шенеуніктердің апелляциясын судья Айбек Әмірғалиевтің төрағалығымен Сарыарқа аудандық № 2 сотының сот алқасы қарайды.
Дереккөзі:Sputnik.kz
Бөлісу758Твит474
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    858 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 215
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.