Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

Адвокат: Марқұмның бас киімі мен шылғауынан басқа затының бәрі шәует (сперма)

24.01.2023
0
«Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

Адвокат сержан Пірәлиев Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты қылмыстық істе  тергеу аса маңызды сараптамаларды іске қоспай жатқанын айтып бүкіл Қазақстан халқын шошынарлықтай ақпарат айтқан еді. Енді адвокаттың өзіне кәсіби саласы бойынша қызыметінде  этика сақтамады деген айып тағылып отыр. Бірақ, бұл айыптауға Пірәлиевтің өз айтары бар. Осы ретте KYN.KZ  сайты Ulysmedia порталына сілтеме жасай отырып, дәл осы қылмыстық іс бойынша жаңа деректерді жариялайды.

– Сержан мырза, күні кеше Ішкі істер министрлігі «қызметтік этика нормаларын бұзғаныңыз» туралы ақпарат жариялады. Әділет министрлігі сіздің үстіңізден қызметтік тергеу жүргізетіні белгілі болды. Сізді осы істен шеттеткелі отыр ма?

– Жоқ, мені істен шеттете алмайды. Құқықтары жоқ. Этиканы бұзды деп отыр. Мен бүгін республикалық адвокаттар алқасына арыз жаздым. Сонда адвокаттар комиссиясы бар. Этиканы бұздым ба, жоқ па – олар шешім шығаруы керек. Әділет министрлігі де жауап береді.

Шын мәнінде, мен ешқандай заңды бұзған жоқпын. Ешкімнің аты-жөнін атаған жоқпын. Іс-материалдардың құжатын көрсеткен емеспін. Мен іс бойынша пікірімді айттым.

Мен айтқан мәліметтің бәрі ақиқат! Сот сараптамалары бар. Қарап көрсеңіз, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 70-бабы 1-тармағында қорғаушының міндеті айқын жазылған. Ол – менің міндетім. Өз қорғауымдағы азаматқа тағылған айыпты жоққа шығаруым керек. Сол бапты негізге алып, баспасөз мәслихатына шықтым.

Себебі неде? Мен тергеу органдарына нақты айыптыларды тапсын деп отырмын. Басқа адамдар бар. Неліктен солар таппайды? Неге олардан жауап алмайды.

– Яғни сарбаздың аузы мен киімінен шәует табылғаны сот құжаттарына енгізілген материалдармен дәлелденіп тұр ғой?

– Дәлелденіп тұр. Ақ бетке қара жазумен жазылған. Мен емес, сот сарапшылары сондай қорытынды жасады. Сот сарапшылары «…және одан басқа екі адамның ДНК-сы бар» деп жазады. Іш киімінде, футболкасында деп отыр. Оларды неге таппайды? Ол жерде сексуалдық зомбылық анықталған жоқ дейді. Ал сонда ауыз қуысында, киімінде табылғанды қалай санауға болады? Олардың бір қорытындысында «артқы жағы таза» деп жазылылады да, тергеу оны «ешкім зорлаған жоқ» деген тоқтамға келеді. Бақилық болған сарбаздың шұлғауы мен бәтеңкесі, бас киімі ғана таза. Басқасының бәрінде шәует ізі бар.

– Яғни сіздің ойыңызша бұл қылмыста негізгі айыптылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған ба? Іс жаңа бағытта жаңа баптар бойынша қозғалуы керек деп есептейсіз бе?

– Әрине. Айыпты басқа адамдар болуы керек. Менің қорғауымдағы Айбек Нұртаев – сол сарбаздардың командирі. Ол 20 жылдан бері қызметте. Арақ ішпейді, темекі шекпейді. Төрт баласы бар.

Бұларға сарбаздар күзде бір, көктемде бір келеді. Призывтар ауысып тұрады. Сонда 20 жылдың ішінде Нұртаев оңбаған болса, баяғыда отырғызып қояр еді ғой. Біреуден ақша сұрап, біреуді қорқытып, үркітсе баяғыда сотталып кетер еді. 20 жыл таза қызмет еткен.

Өлген баланы ол бар-жоғы төрт-ақ күн көрген. Сарбаздар Нұртаев қызмет етіп жүрген жерге маусым айының аяғында келген. Шілдеде Нұртаев кезекті демалысында болған. Жұмысына тамыздың ортасында бір-ақ шыққан. Тамыздың 16-нан бастап бар-жоғы 3-4 күн көрген. Болды.

Бұлар (сарбаздар) 16-17 тамызда отырып шекара бөлімшесінің ішінде арақ ішкен. Түнімен ішкен ғой. Оның бәрін өздері тергеуде жазып отыр. Ақпарат тағы менен емес.

Ең әуелі қандай нұсқа болғанын білесіздер. Жанындағы жолдастары «жүріп жүрген қызымен ұрсысып қалған» деген әңгімені таратқан. Көп өтпей ауылдағы қызы ол ақпаратты жоққа шығарды. Екінші күні алады да жолдастары «біз арақ ішкенбіз, оны біліп қойған сержант Нұртаев бізді «алқаштар, малсыңдар» деп атады, содан барды да әлгі сарбаз көңіл-күйі болмай асылып қалды» деген нұсқаны өткізбек болады.

24 қыркүйек күні алғашқы биосараптама шықты. Іздеді. Нұртаевтыкі болмай шықты. «Іздеңдер» дедік. Жанындағы досы «моншаға барып, өз-өзімді қанағаттандырдым да, бір футболкаға сүртіп кетіп қалдым» деп жауап беріпті. Бұған адам сене ме? Ал тергеу сенеді.

– Сонда сіз қайтыс болған жігіттің жанындағы сарбаздардан күдіктенесіз бе?

– Олар қазір куәгерлер.

– Олар мерзімді әскери қызметін аяқтап кеткен бе?

– Олар сол жерде. Тергеу басқармасы 10 адамды басқа әскери бөлімге өткізіп, сол жерде ұстап отыр. Болды.

– Қызметтік тергеу жүргізілетіні жөнінде ақпарат тарағаннан кейін әріптестеріңіз, адвокаттар сізге қолдауға білдіріп жатыр. Адвокат Абзал Құспан әлеуметтік желіде «ең әділетсіз сот – әскери сот» деп жазды. Әділдікке жете аламын деп ойлайсыз ба?

– Бүкіл халық іске назар аударып отыр. Әділетті – Жаңа Қазақстан құрамыз деп жатырмыз. Егер сот әділ болса, оң көзімен қараса, әділетті шешім шығаруы керек. Мен оған сенімдімін. Іс халықтың назарында болғанда басқаша болады.

– Сіз жасаған мәлімдемені естіп, бүкіл ел жағасын ұстап отыр. Қайтыс болған сарбаздың ата-анасына бұл ауыр тиеді деп ойламадыңыз ба?

– Әкесімен сөйлестім. Тергеу органдары оларды алдаған. Қарапайым ауылдың адамдары. Әкесі 1976 жылғы жігіт екен. Ненің не болып жатқанын қатты білмейді. Адвокаты да, ата-анасы да «баланы ұрып соққан, содан ол өзіне қол жұмсаған» дегенге сеніп жүр.

Егер мен аузымды жауып, тып-тыныш отырсам, бұлар (тергеу органдары) әскери сотқа апарады да, Нұртаевты 8 жылға соттап жібереді. Шекарада не болып жатқанын білсін ел. Бардак қой бұл. Мәселені мен көтермесем, кім көтереді? Өкінбеймін.

Бұл жерде сарбаздардың арасында бірдеңе болған. 10 адам – сарбаздар бәрін біледі. Біліп отыр. Тергеу органдары соны біліп, анықтап, нақтылап білгісі келмейді. Керекті нұсқасын алып, сонымен жүр.

– Басын қатырғысы келмейді дегеніңіз ғой…

– Иә. Мына істе соткасын тастап қашып келген оның (Мираш Бекболдың) доссымағы бар. Біреудің телефонын жұлып алған да барып сындырып жоқ қылып жіберген. Сол баладан тергеушілер жауап алмай қойған. Одан тергеушілер «сен оның асылғанын көрдің бе?» деп сұраған. Ол болса «жоқ» деген. «Ендеше, бар жоғал» деген, бітті. Меніңше, сол телефонда бұлар бірдеңе түсірген. Соны бұған (Мирашқа) көрсеткен. Соны бұл көріп, намыстанған да асылып қалған болуы мүмкін. Өз белбеуімен емес, басқа біреудің белбеуімен.

«Спасибо за минет» деп жазған адам «бұл әзіл болған» деп ақталады. Ал енді кейінгі сараптама нені көрсетеді? Бұл әзіл емес. Бірдеңе болған…

"Анайы қызмыт үшін рахмет": Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

Бөлісу1727Твит1080
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2692 бөлісу
    Бөлісу 1077 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1410 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 353
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    858 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 215
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.