Таразда екі дәрігер жаңа туған нәрестені сатып жатқан жерінен ұсталды
Олар қазір тергеу абақтысында жатыр
Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, жаңа туған нәрестелерді сату дерегін анықтады. "Дерек бойынша 2023 жылдың 12 қаңтарында Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды, Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының 2 медицина қызметкері қамауға алынды", - делінген прокуратура хабарламасында. Күдіктілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық істі тергеуді қалалық прокуратура өз бақылауына алды.