Әнші Бағлан Әбдірайымов Қайрат Нұртасты неге ұрғанын түсіндірді
Бүгінде кітап жазып, кино түсіріп айналасындағы заманауи жұлдыздардан қалмай кележатқан Бағлан Әбдірайымов "Жігіттер" тобында жүргенде не себепті Қайрат Нұртасты ұрғанын "Уақыт Көрсетеді" ағдарламасында айтып берді. Ол оқиға Республика сарайының сыртында болған. Ішінде "Алтын Самұрық" концерті өтіп жатқан. Далада Бағлан мен Еркін Нұржанов сөйлесіп, сөз таластырып, әлденені шеше алмай жатқан. "Әншілер бір-біріне дауыс бергенде, сахна сыртында Еркін Нұржанов бізге дауыс беретін болып келіскенбіз. Финалда "Жігіттер" квартеті мен Тоқтар мен Бейбіт қалдық. Біз жеңейін деп тұрғанбыз. Жасы үлкен, халықтың қалауымен Тоқтар мен Бейбіт жеңіске жетті. Сосын сыртқа шыққан кезде Еркінге "Сенікі дұрыс емес қой. Сен "бізге дауыс беремін" дедің. Енді неге басқа әншіге дауыс бересің? Сенікі дұрыс емес" деп тұрған кезде, Қайрат (Нұртас - ред) сөзге араласып қалды. Мен "Қайрош, сен араласпай-ақ қой" деп едім, шап етіп сөз қайтарып қалды. Мен өзім мектепте 1984 жылғылармен бітірсем, 1982-83 жылғылардан таяқ жеп өскенмін. Ол мықты ма, мықты емес пе, үлкеннің аты - үлкен. Ауылда солай тәрбие қалыптасқан. Сол кезде Қайраттың шап ете қалғаны бар. Сөз қайтарып келе жатыр еді, сол кезде бір шапалақ тартқаным бар. Жақтан тиді. Зұлымдықпен қол көтерген емеспін, ағалық-інілік қой. Кейін Қайраттың өзі де "Сенге көшіп бара жатыр едім, қайтадан "сіз" болдыңыз ғой" деп қалжыңдап айтады. Ол енді қанша жыл бұрынғы оқиға ғой. Ол кезде біз де, ол да бала еді. 20-21 жастағы балалармыз ғой шамамен. Арамыз бұзылған емес", - деді әнші. Т