Айгүл Орынбек: Жоғалып кетіп табылған 15 жастағы қыздың зорланғанын полиция емес, өзіміз анықтадық
Полиция қайта қыздың шешесін ата-ана құқығынан айырмақ болған еді
Өткен жылдың желтоқсан айында Шымкентте жоғалып кеткен 15 жасар қызды бүкіл Қазақстан халқы білді, іздеді. Бірнеше күн құқықтық орган іздеп, нәиже болмағандықтан оқушының анасы белгілі журналистер мен құқық қорғаушылардан көмек сұрап еді. Сол кезде араға бір аптаға уақыт салып қыз табылды. Оның жалдамалы пәтерде ер адаммен болғаны айтылған. Бүгін заңгер Айгүл Орынбек сол кезде баланың зорланғаны анықталды деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ. " Біз қазір Шымкент қаласы бойынша прокуратураға келіп отырмыз. Прокурор қабылдаса, "Нге бұл жағдай осыған дейін айтылмады? Не үшін полиция жасаған медициналық экспертизада бұл жағдай шықпады? Қыздың қасында болған ер адам кім, ол қайда қазір?" деген сұрақтар қойғалы отырмыз. Қыздың анасы сұрағаннан кейін барып осы іске кіріскен едім. Анасы "жүрегім бір дүнені сезіп тұр! дегеннен кейін қызды психологқа апардық, тексеруден өткіздік. Сол жерде осындай жағдай анықталып тұр. Қазір білдік. Неге осы уақытқа дейін біздің полиция, құқықтық орган бұл мәселені ашып айтпады? әлде қылмыскерді бүркемелеп отыр ма деген сұрақтар көп. Шымкент қаласының прокуроры қабылдамаса бұл мәселе бойынша Астанаға бас прокуратураға баруға тура келеді. Өкінішке орай біздің құқықтық сала, Шымкенттегі полиция осылай жұмыс істейді",-деді заңгер Айгүл Орынбек. Есте болса Анель Сағидоллаева жоғалып табылғаннан кейін полиция қызметкерлеріне үйіне барғысы келмейтінін, анасы үнемі кемсітіп ұратынын видеода айтқан еді. Оқушының анасы осы жағдайға байланысты "құқығым тапталды, рұқсатымсыз неге қызым тергеледі, видеоға неге түсіресіздер" деген болатын. Бірақ сұрағы жауапсыз қалды.