Басты жаңалықтар

Әсел Асқар ұлын жоқтап жылайбергені үшін екінші күйеуі қуып жібергенін айтты

Блогер: Баланы жерлегеннен кейін оның ұрысқанына шыдауға күшім болды, кейін шайын беруге де шамам болмады

Белгілі аты шулы блогер әрі танымал актриса Әсел Асқар жақында ғана шетінеп кеткен сәйбиіне ән арнап, осындай жағдайды басынан кешірген аналарды жұбатуға тырысқан еді. Сөзінше  Әсел бұл әнді   періште күйінде Аллаға қайтқан барлық сәбилерге арнаған, деп жазды KYN.KZ сайты. Әсел Асқар ұлының қырық күндігіне арнап жақындары мен туыстарын, БАҚ өкілдерін шақырып  арнайы жиын өткізді. Ол жерде естеліктерін бөлісіп, жаңа әннің тұсауын кесті. Айнұр Илясоваға берген сұхбатында Әсел екінші күйеуімен ажырасып кеткенін айтты. "Мен  бұл жағдайды қалай айтса да түсіне алмаймын. Ұлымды жерлегеннен кейін қырық күн жоқтауыма құқығым бар шығар. Ол әйел кісі үшін орны толмас қайғы. Ештеңеге  көңіл бөліп, алданып кету мүмкін емес. Күйеуімнің алғашқы ескерту айтқандарына, ұрысқанына басында шыдауға күшім болды. не дегенмен ол ортақ баламыз. Қайғымыз да ортақ болуы керек еді. Өзімді айтсам, күйеуіме қарауға күшім болмады. Жай ғана шайын дайындап беруге жарамадым. Ақырында "үнемі жылап, түнеріп, қабағың ашылмайды қайғыдан" деп алды да қуып шығарып жіберді.  Мен үшін мұның өзі, қолдаусыз қалғанның өзі ауыр жағдай. Осыдан кейін қалай мен бірге тұруға ниеттенемін. Қандай әйелге болсын мұндай жағдай өте ауыр тиетін еді деп ойлаймын. Бар жағдайды мойыныммен көтеру керек болғандықтан жанталасып, жаңа айналысатын заттар іздедім",-деді Әсел Асқар.