Ерке Есмахан жас жігітке тұрмысқа шыққанын ешкім білмейтін кезде жұрттан тығылып қиналғанын айтты
Әнші: Осы жаңалығымызды жария еткен бәріңізге рақмет, бүгін әуежайда еркін ұшып барамыз
Ерке мен Раимның махаббаты жұрт назарына түскелі бір апта желуде "шу" болды. Бұған дейін көңіл қосқан екі әнші көпшіліктен жасырынып жүрген екен. Тіпті әуежайларда ел байқап қоймасын деп екі жерде отырады-мыс. Қос әнші адамдар талқысынан кейін еркіндік кезеңіне өттік деп қуанып отыр. " Қазір мысалы таңғы бес. Біз қол ұстасып әуежайға келдік. Бәрі қуанышпен қарсы алып, құттықтап сыйлауда. Бұрын тығылыыыып, біреу көріп қоймасын деп екеуіміз екі жақта жүретінбіз. Соны қазір ойлап, мәз боп сіздермен бөлісіп жатқаным ғой",-деп жазды Ерке Есмахан.