Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада 25 жастағы қыз қала ортасында аузы ашық құдыққа құлап, иығын сындырды

Астанада 25 жастағы қыз қала ортасында аузы ашық құдыққа құлап, иығын сындырды
ашық дереккөз
Бойжеткен қазір ауруханада ем алып жатыр
Елордада беті ашық жатқан құдыққа түсіп кеткен 25 жастағы бойжеткен қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. Бойжеткеннің қазіргі хал-жағдайын Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарласып сұрап көрдік. Зардап шегуші №2 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. «Бейінді мамандар тексергеннен кейін сүйектің жабық түрдегі сынуы анықталды. Сол жақ иығының сүйегіне хирургиялық операция жүргізілді. Қазір науқас травматология бөлімінде. Жағдайы тұрақты. Толық көлемде ем алып жатыр», - деген хабар алдық баспасөз қызметінен. Бұған дейін елордада 25 жасар бойжеткен беті ашық жатқан құдыққа түсіп кеткені туралы хабарлаған едік. Қалалық ТЖД-ның ақпаратынша, зардап шегушіге көмек көрсету үшін құтқарушылар мен медициналық қызметкерлерінің құдық ішіне түсуіне тура келген. «Құтқару арқаны және баспалдақтың көмегімен жедел және кәсіби іс-қимыл нәтижесінде, сондай-ақ құтқарушының сүйемелдеуімен 1997 жылы туған қыз құдықтан шығарылды», - дейді департаменттен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар