Басты жаңалықтар

Әнші, композитор Сейіл Аяған дүниеден өтті

Белгілі әнші, композитор Сейіл Аяған 52 жасқа қараған шағында кенеттен дүние салды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Композитор «Жас қалам», «Таң самалы», «Бала махаббат», «Жіберілген хат», «Қандай сұлу дүние» және тағы да басқа хит әндердің автор әрі орындаушысы. Сейіл Аяған Қарағанды облысында туып өскен. Бала күнінен гитараға әуес болып, шығармашылық жолында бірқатар туындылары қалған композитор.